Сайт создан на конструкторе ASIA.KZ - Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Байланыс: Тел.: +7 (726)-3135358  Email: Baitursinov@mail.ru

 

Қош келдіңіздер!

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Ақпарат

Аудандық "Махамбет жырлары" байқауы өткізілді.

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

Мектептің тарихи кезеңдері

Ұлы жібек жолының бойында жатқан осынау ауыл мектебі талай шәкіртке тәлім-тәрбиесімен қанатын қатайтып, өмірге жолдама беріп келеді.

 

1933 жылы мектеп ашылып, директоры Манабаев Қонақбай болды.

 

1941 жылы Калинин атындағы 7 жылдық мектеп шаңырақ көтерді. Директоры- Ізбасаров Рахымберді. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп жабылып қалып, 1944-45 оқу жылында қайта ашылды. Әуелі бастауыш, 1944 жылдан бастап екі басқыштық жеті жылдық мектеп болған. Мектепке М.И.Калининнің есімі берілген. Алғашқы директоры Нұрмаш Сүлейменов, оқу ісінің меңгерушісі Тұрсынкүл Мәренова болған. Сол кезде мектепте 8 оқушы болды. Мұғалім саны-2. 1954-55 жылы мектепа орта мектеп болып ашылды. Мектеп директоры – Кәдірқұлов Шарапхан. Оқу ісінің меңгерушісі: Даубаев Нәкен. Орта мектептің бірінші түлектері: 1.Айтқұлов Оңғар. 2.Бәйтіков Әшен. 3.Бегешов Ермек. 4.Юнусов Әбіқұл. 5. Тайлықова Света. Бұдан кейін мектепке Ә.Әміркенов, Ә.Әбдіхалықов, Ә.Тәжіков, С.Мұхабаев директорлық қызмет атқарды. 

 

1993 жылдан 2007 жылға дейін мектеп ұжымына ҚР білім беру ісінің үздігі Әнуарбек Мұханбетұлы Тұрманбетов басшылық жасады. 

 

Қазіргі уақытта мектепте директордың міндетін А.Ә.Касеналиева атқаруда. 

 

1994 жылдан бастап мектеп алаштың ардақты ұлы А.Байтұрсынов атымен аталады. 

 

2007 жылы Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдар академиясының ұжымдық мүшесі болып сайланды. Мектеп қабырғасынан есімдері елге белгілі тарих ғылымының докторы, профессор С.Дорженов, филология ғылымының кандидаты, доцент Ә.Әбдіманов, экономика ғылымының кандидаты М.Сейдахметов, Белгілі сазгер М.Өзбеков, сатирик-жазушы Б.Битанов, журналист Қ.Қойтаев, әнші-сазгер Г.Өмірбаева білім алған.

 
 
 
Пожаловаться на сайт